1-диалог:
Алма: Сәлем, Мәди! Қалың қалай? Бүгін далаға шығасың ба?
Мәди: Сәлем, Алма! Жоқ, мен бүгін далаға шықпаймын. Маған сабақ оқу керек.
Алма: А-а-а, жарайды. Ендеше мен Аруға хабарласамын. Сау бол!
Мәди: Сау бол!
2-диалог:
Алма: Ару, сәлем! Қалың қалай? Бүгін далаға шығасың ба?
Ару: Сәлем, Алма! Жоқ, мен бүгін далаға шықпаймын. Маған үй жинау керек, содан кейін сабақ оқу керек.
Алма: Түуу, жарайды. Мәди де далаға шықпайды, сен де далаға шықпайсың! Ендеше мен Саяға хабарласамын.
Ару: Ренжімеші! Сау бол! Кездескенше!
3-диалог:
Алма: Сая, сәлем! қалайсың? Не жаңалық? Далаға шығасың ба?
Сая: Сәлем, Сая! Иә, әрине шығамын. Бірақ қазір маған тамақ ішу керек, содан кейін шығамын. Күте тұрасың ба?
Алма: Алақай! Иә, әрине күтемін.